Жаңалықтар

Түркістан облысында автожол салу кезінде 2,2 млрд теңгені жымқырмақ болған

istockphoto.com

Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысында автожол салу және жөндеу процестерін талдау барысында бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасасу деректері анықталды.

«Әкімдіктер төтенше жағдайлардың салдарын жою немесе зияткерлік меншік нысандарын сатып алу қажет деген сылтаумен нақты мердігерлерді іріктеп алған. Бұл конкурстық процедураларды айналып өтуге және жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық беруге мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.

Орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстар 177 млн теңгеге қымбаттауына әкеп соқты.

Жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсады.

Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығындарды алып тастады.