Алматы полиция қызметтік көліктен қашқан күдіктіге іздеу жариялады

5 желтоқсан, 2024 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz
Алматыда ер адам қарауыл жасағының қызметтік көлігінен қашып кеткен болатын

Алматы қалалық полициясы кеше кешке қарауыл жасағы қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылғы К.Е.Аубакри іздеп жатыр.

Іздеудегі адамның белгілері: бойы 165-170 см, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр.

Алматы қаласының Полиция департаменті К.Е.Аубакридің қайда екендігі туралы білетіндердің барлығынан мына телефон нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102.

Тэгтер:

Алматы