Жаңалықтар

БҚО-да полицейлер мас жүргізушіні әрең ұстады (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Жүргізуші полицейлердің талабын орындамаған.

БҚО-да полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. 

БҚО ПД патрульдік полиция қызметкерлері 3 желтоқсанға қараған түні Жәңгір хан көшесінде ВАЗ-2110 автокөлігін тексеру мақсатында тоқтатпақ болған, алайда оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, әрі қарай қозғалысын жалғастырған. 

Патрульдік экипаж автокөліктің артынан әрі қарай еріп жүру барысында заңды талаптарға бағынбауына байланыста қосымша жақын маңдағы патрульдік жасақтардың көмегімен  Барбастау кентінің маңында тоқтатылды. 

Тексеру барысында жүргізуші бұрын соңды 2022 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы, оның облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны екені анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші орта дәрежелі мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқару және алкогольдік масаң күйде болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.