Жаңалықтар

Алтынның граммы 45 мың теңгеге жетті

Сурет: www.istockphoto.com

Алтынның құны аспандап барады.

Ақшасын алтынмен ұстайтындар мол пайдаға кенеліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Себебі бағалы металдың бағасы шарықтап, рекордтық көрсеткішке жетті. Ұлттық банк алттының бір грамын 44 479 теңге деп бекітті. Яғни бір тәулікте баға бірден 1,6 пайызға өсті. Апта ішінде шамамен 4, ал былтырғымен салыстырғанда 47 процентке көтерілген. Мамандар бағаның қымбаттауына өндіріс секторы мен инвесторлар тарапынан сұраныстың артуы себеп екенін айтты.

Биылғы үшінші тоқсанда орташа жалақы 400 мың теңгенің көлемінде болды. Ал 993 мың адам бұл соммадан көбірек айлық алады екен. Ұлытау облысы жоғары жалақылы жұмысшылар үлесі бойынша көш бастап тұр. Өңірдегі ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететіндердің жартысынан астамының қолына 400 мың теңгеден көп қаржы тиеді. Маңғыстау облысы бұл тізімде екінші орынға жайғасқан. 63 мың адам орташадан жоғары жалақы алады. Үздік үштікті Атырау облысы түйіндеді. Көш соңына Жамбыл, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстары жайғасқан.