Жаңалықтар

FlyArystan әуе компаниясынан қаражат ұрлаған кім? — Баспасөз қызметі мәлімдеме жасады

Ашық дереккөзден алынған

Компания нақты ұрланған соманы атаған жоқ.

FlyArystan әуе компаниясы тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінген, деп хабарлады turkystan.kz.

"Тергеу нәтижелері бойынша ұрлық фактілері расталды, осыған байланысты әуе компания кінәлі адамдарды анықтау және материалдық залалды өтеу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Компания бұл соманы 9 айдағы қаржылық есептілікте толық ескерді", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жария етiлмедi.