Шорт-тректен 12 қазақстандық спортшы World tour кезеңінде бақ сынайды
Аталған жарыс 6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде өтеді.
6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен World Tour сериясының үшінші кезеңі өтеді. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасының намысын 12 спортшы қорғайды.
Алғашқы екі кезеңнен кейін бапкерлер штабы құрамға өзгеріс енгізді. Енді Еркебұлан Шамұхановтың орнына Мерсаид Жақсыбаев жарысқа барады.
Ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
– Денис Никиша
– Абзал Әжіғалиев
– Мерсаид Жақсыбаев
– Әділ Ғалиахметов
– Глеб Ивченко
– Айбек Насен
– Ольга Тихонова
– Яна Хан
– Малика Ермек
– Алина Әжіғалиева
– Мадина Жанбусинова
– Зейнеп Құмарқан