Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

ortcom.kz

Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп саласында 511 млрд теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

СҚО-да инвестициялық жобалардың арқасында 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп саласында 511 млрд теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

«Оларды іске асыру 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жобаларға тоқталсақ, ағашты терең өңдеу зауыты, күніне 16 тоннаға дейін қияр жинауға мүмкіндік беретін 4-ші буындағы инновациялық жылыжай кешені, «Қызылжар» АЭА аумағында кондитерлік өнімдер өндірісі. Қуаттылығы 370 мың тоннаны құрайтын майлы дақылдарды өңдеуге және 120 мың тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік беретін май экстракциялық зауыты іске қосу сатысында», – деді өңір әкімі.

.