Бокстан Азия чемпионаты: Диас Молжігітов жартылай финалға өтті
Молжігітов ақтық сынға өту үшін 8 желтоқсанда Украина-Түркіменстан жұбының жеңімпазымен күш байқасады.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Диас Молжігітов жекпе-жек өткізбей-ақ Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
Бүгін Диас Молжігітовпен кездесуі керек болған жапон боксшысы шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды. Сондықтан қазақ боксшысы жартылай финалға жолдама алды.
Осылайша Молжігітов ақтық сынға өту үшін 8 желтоқсанда Украина-Түркіменстан жұбының жеңімпазымен күш байқасады.