Жаңалықтар

«Каспий» футбол клубының басшылығы 27 млн теңге жымқырған

istockphoto.com

Клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.

Маңғыстау облысында «Каспий» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.

Сонымен қатар одан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.

«3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.