Димаштың «Ұмытылмас күн» әні «Азияның жаңа әндері» рейтингінде топ бастады

Димаштың «Ұмытылмас күн» әні «Азияның жаңа әндері» рейтингінде топ бастады

Димаштың «Ұмытылмас күн» әні «Азияның жаңа әндері» рейтингінде топ бастады
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтіп жатқан «Singer - 2017» ән байқауының оныншы кезеңінде орындаған «Ұмытылмас күн» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінің үздік үштігіне енді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  «Ұмытылмас күн» - Д.Құдайбергеннің О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған төл туындысы. Оны әнші қазақ және қытай тілдерінде шырқады.  Аталмыш композиция «Азияның жаңа әндері» рейтингінде 73826 ұпай жинап, 3-орынға, ал байқау барысында орындаған өзге әндері - «All By Myself» пен «Дайдидау» сәйкесінше 16-ыншы және 29-орындарға ие болды. Бұған дейін Димаштың «Singer» байқауының түрлі кезеңдерінде орындаған «Қоңыр күз», «Uptown Funk», «Adagio» мен «SOS d'un terrien en détresse» әндері де осы рейтингтен көрінген еді. Айта кетерлігі, «Азияның жаңа әндері» рейтингіне әншінің бір мезгілде үш әні ғана ене алады. «Азияның жаңа әндері» рейтингі азиялық әншілердің Қытайдағы танымалдылығына байланысты жасалып отырады. Онда әндердің тыңдалымы, ақылы түрде жүктеп алынуы бойынша ұпайлар беріліп, рейтинг құрылады. Ол әр 10 минут сайын жаңаланып, жыл соңында жылдың ТОП-рейтингі жарияланады.