Бренд өнімдерінің көшірме немесе түпнұсқа екенін сурет арқылы анықтайтын бағдарлама әзірленді
Жасанды интеллект енді бренд өнімдерінің жасанды немесе түпнұсқа екенін бір суреттен анықтай алады.
Франциялық Vrai AI стартапы жалған брендтік тауарларды бір ғана сурет арқылы танитын бағдарламаны жасап шығарды. Бұл туралы Semafor хабарлады.
Алгоритм мыңдаған түпнұсқа тауардың фотосуреттерімен оқытылғандықтан, 99,7% дәлдікпен жұмыс істейді. Мысалы, жалған Lacoste өнімін анықтағанда, жасанды крокодилдің құйрығы тым ұзын немесе тістері артық екенін бірден байқайды.
Компания бұл технология әлемдік сауданың шамамен 2,5%-ын құрайтын көлеңкелі нарықпен күресуге көмектеседі деп мәлімдеді. Контрафакт тауарлары бизнестерге жыл сайын миллиардтаған шығын әкеледі.