"15 жыл салық төлеуден жалтарған": «Гарри Поттер» фильмінің актеріне айып тағылды
«Гарри Поттер» фильмінде Рон Уизлидің рөлін сомдаған Руперт Гринттің салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
Актер Руперт Гринт 15 жыл бойы өз табысын жасырған.
2012 жылы Гринт £4.5 миллион табыс тапқан және салық төлеуден жалтару үшін айла қолдануға тырысқан.
Ол заңда бекітілгендей 52% салық төлеудің орнына бар болғаны 10% төлеп, қаражатты өз компаниясына «капитал өсімі» ретінде жасырып отырғаны белгілі болды.