Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан ширек финалға жолдама алды
Бірінші раундта-ақ қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жібергеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатынд Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен ұтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта қытайлық Тайбэй өкілі Ян-Лин Лаймен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта-ақ қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жібергеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Махмұд Сабырхан жартылай финалға шығу үшін 6 желтоқсан күні Шри-Ланка спортшысы Джаянат Кумармен жұдырықтасады.
Бүгін сондай-ақ Аида Әбікеева мен Милана Сафронова алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.