Аягөзде сарбаз ант қабылдау кезінде есінен танып қалған
Есінен танып қалуына қатты қобалжуы себеп болыпты.
Аягөз гарнизонында әскери ант қабылдау кезінде сарбаз есінен танып қалды, деп жазады turkystan.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жігіттің кенет есінен танып қалғанын, әріптестерінің оны ұстап алып, есін жиюға көмектеспек болғанын көруге болады.
Аягөз гарнизоны оқиғаның әскери ант қабылдау кезінде болғанын растады.
«Медициналық тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметкердің денсаулығына қатты қобалжу себеп болғаны анықталды. Сарбаздың денсаулығы жақсы, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, қауіп-қатер жоқ. Медициналық көмек дер кезінде және толық көлемде көрсетілді», – делінген Аягөз гарнизонының хабарламасында.