Қоғам

«Итімді жамандаса намыстанамын»: Дариға Бадықова хейтерлерге жауап берді

сурет ашық дереккөзден алынды

Дариға Бадықованың тағы басы дауға қалды.

Танымал актриса Дариға Бадықова жақында көрерменге жол тартқан жаңа фильмі жайында сөз етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Актрисаның авторлық фильмін Голивудтағы кинолармен салыстыра айтқан бейнесі желідегілердің ашуын туғызды. Алайда, Дариға Бадықова балалар мульфильмге бармасын деген ойдан аулақ екенін де жеткізді. 

«Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын! Хейтерларды да, қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рахмет айтамын. Таптым-ау сені ұнап жатыр шынымен!Осы жолы бөлім керемет шықты, шүкір! Одан кейін балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын. Опшым әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым! Өзіміздің киноны голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ. Өз елімнің киносына бармаңдар деген жоқпын кейібір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын есіңгің алдындағы ит жаман десе, намыстанатын. Хейтерларға тілерім өмірлері тыныш жақындары аман болсын. Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын!», - деді актриса Дариға Бадықова.