Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
Akorda
Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

Тэгтер:

құттықтау жеделхаты