Оксфорд сөздігі жыл сөзін жариялады
2024 жылғы жыл сөзі – brain rot, яғни «мидың шіруі».
Оксфорд сөздігі 2024 жылдың сөзін таңдады, ол – brain rot «мидың шіруі». Бұл сөз үздіксіз әлеуметтік желі ақтару мен пен контент тұтынуды сипаттайды.
Бұл сөздің қолданылуы өткен жылы 230%-ға өскен. Сөздің пайда болғанына 170 жыл болса да, ол біздің қазіргі өмір салтымызды дәл сипаттайтын сөзге айналып отыр.
Бұл сөздің кеңінен таралуы адамдардың цифрлық әлемде өмір сүру салтын, әсіресе әлеуметтік желілер мен интернетке тәуелділікті көрсетеді.