Спорт

Азия чемпионаты: Боксшы Ұлжан Сәрсенбек ширек финалға шықты

ҰОК

Ұлжан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін украиналық Карина Вовкқа қарсы өткізді.

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасуда. Olympic.kz мәліметінше, жарыстың кезекті күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ұлжан Сәрсенбек шаршы алаңға шықты.

Ұлжан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін украиналық Карина Вовкқа қарсы өткізді.

Қазақстандық боксшы қарсыласынан төрешілердің шешімі бойынша басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуі тиіс Алуа Балқыбекова денсаулығына байланысты жарыс жолынан шығып қалған еді.