Қызылорда тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Полиция қызметкерлері Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.