Әлемнің ең бай миллиардерлері күнін қалай бастайды?
Марк Цукерберг таңғы 8-де оянып, бірден телефонын қолға алады. Ол алдымен өзінің әлеуметтік желілерін тексереді. Кейін ол жекпе-жекпен айналысуға барады, себебі жүгірген кезде ойланғысы келмейтінін айтады.
Тим Кук таңғы 4-5 аралығында тұрып, бір сағат бойы клиенттерден келген хаттарды оқиды. Содан кейін телефонын қоя тұрып, жаттығумен айналысады. Таңғы ас ретінде тек жұмыртқаның ағы мен бадам сүтін ішеді.
Сэм Альтман үшін таңғы уақыт ең өнімді кезең саналады. Сол себепті ол таңертең ешқандай кездесу жоспарламайды. Таңғы ас ішпейді, тек эспрессо ішумен шектеледі.
Джефф Безос таңғы әдеттері бойынша ең "қарапайым" болып шықты. Ол таңертең телефон қарамайды немесе жұмыс істемейді, жай ғана газет оқып, кофе ішеді. Сонымен қатар, балаларымен таңғы ас ішеді. Маңызды кездесулерін тек сағат 10-нан бастап жоспарлайды.
Миллиардерлердің әрқайсысы таңын өзінше бастаса да, олар өздеріне тиімді және жайлы әдеттерді қалыптастырған.