ТОП-5: Қыста Қазақстанда қайда демалуға болады?
Айналаны ақ қарға орап, қыс та келді.
Щучье-Бурабай курорттық аймағы
Щучье-Бурабай курорттық аймағы Қазақстандағы қысқы демалыстың негізгі бағыттарының бірі саналады. Өңір тұмса табиғатымен, таза ауасымен және жоғары деңгейдегі жайлылығымен туристерді бірден баурап алады.
Алматы тау кластері
Алматы тау кластері таулы және қысқы спортты ұнататындарға белсенді демалыстың алуан түрін ұсынады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында курорт 1,2 миллионнан астам қонақты қабылдап, орналастыру орындарының саны 518-ге жеткен.
Катонқарағай курорттық аймағы
Катонқарағай курорттық аймағының табиғаты — тыныш әрі оңаша демалысты сүйетіндер үшін таптырмас орындардың бірі. 2024 жылдың алғашқы алты айында курорттық аймақ өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп қонақ қабылдап, ұсынылған қызметтердің көлемі 17,7 миллион теңгеге өскен.
Шарын шатқалы
Шарын шатқалы — қыс мезгілінде ерекше атмосфераға бөленіп, табиғат сұлулығын бағалайтын туристерге шабыт сыйлайтын мекен. Кеңейтілген инфрақұрылым мен жаңа демалыс орындары аймақтың туристік тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқаруда. Шарын шатқалы келушілерге таңғажайып табиғат көріністерімен демалуға ыңғайлы мүмкіндіктер ұсынады.
Көкшетау және оның айналасындағы көлдер
Көкшетау және айналасындағы көлдер шаңғы әрі сноуборд тебу сияқты тыныш демалыс пен белсенді көңіл көтеруді біріктіретін тамаша орындарды ұсынады. Қазіргі таңда аймақтың туристік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде өңірді отбасы мүшелері үшін қысқы демалыс орны ретінде тартымды етеді.