Азия чемпионаты: Боксшы Алуа Балқыбекова жекпе-жекке шықпайтын болды
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.
Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекованың (50 келі) сырқаттануына байланысты, Азия чемпионатындағы бүгінгі жекпе жегінен бас тартуына тура келді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.
«Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды», делінген дәрігер анықтамасында.
Айта кетейік, Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.