«7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген несие мөлшері 1 трлн теңгеден асты
Жалпы саны 77 132 өтінім мақұлданған.
2024 жылдың 11 айының есебі бойынша «7-20-25» бағдарламасы арқылы 1,066 трлн теңге берілген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы саны 77 132 өтінім мақұлданған.
Несие алғандардың көшін үш мегаполис: Астана, Алматы мен Шымкент бастап тұр.
Астанада 28 079 өтінім қанағаттандырылып, жалпы сомасы 446,8 млрд теңге несие берілген.
Алматыда 15 950 өтінім қанағаттандырылып, 251,2 млрд теңге несие берілген.
Шымкентте 5719 өтінім қанағаттандырылып, 72,8 млрд теңге несие берілген.