Алматыда жоғалып кеткен ер адам үш айдан бері іздестіріліп жатыр

1 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
depositphotos
Волонтерлердің айтуынша, ер адам 2024 жылғы 6 қыркүйекте үйінен шығып кеткен

Волонтерлер із-түзсіз жоғалған жас жігіт туралы ақпаратты жариялады. Ол биылғы жылдың қыркүйек айында үйден шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Белгілері бойынша, ер адамның бойы 180-185 см, дене бітімі орташа, көздері қоңыр және сақал-мұрты бар.

Волонтерлердің айтуынша, ер адам 2024 жылғы 6 қыркүйекте үйінен шығып кеткен.

Тэгтер:

Алматы