Қазақстандық футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырай жаздады

Қазақстандық футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырай жаздады

Қазақстандық футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырай жаздады
ашық дереккөзі
Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары мінген ұшақтан ақау шығып, мәжбүрлі түрде Ереван әуежайына қонды. Команданың медиа-офицері Ербол Қайыровтың айтуынша, әуе лайнерінің шассиі дұрыс жұмыс істемеген. Бұл туралы sn.kz хабарлады. 
"Қазақстан құрамасының ұшағы Ереван әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды. Себеп – шассиден шыққан ақау. Әуе кемесінің командирі жарты жолдан кері қайтуды ұйғарды. Чартерлі ұшақ алмастырылғаннан кейін кері Қазақстанға ұшамыз", – делінген Ербол Қайыровтың Твиттер-парақшасында. Естеріңізге салайық, кеше Ереванда Армения ұлттық құрамасмен кездескен қазақстандық футболшылар 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Аталған матч 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында өткен болатын. Келесі кездесуін Қазақстан өз алаңында Дания құрамасымен өткізеді.