13 жастағы қызды ұрған: Маңғыстауда оқушының ата-анасы жазаланды
Сот отырысында А. кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады
Massaget.kz мәліметінше, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.-ға қатысты іс қаралды.
А. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігінда көзделген құқық бұзушылық жасаған (Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы).
Сотпен анықталғаны:
А. 11 жастағы қызы Ө.-ге қатысты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамай, қызының 13 жастағы қызды ұрып-соғып, бейнежазбаға түсіріп, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген.
Сот отырысында А. кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот жаза тағайындау барысында әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайы кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінуін, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді.
ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігінде "Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін" - 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану көзделген.
Соттың 2024 жылғы 22 қарашадағы қаулысымен:
А. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөілігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 73 840 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.