8 желтоқсандағы жекпе-жек: Шавкат Рахмонов Лас-Вегасқа жетті
Бұл кездесу UFC 310 турниріндегі басты айқасқа теңестірілген
Жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) айқасу үшін Лас-Вегасқа (Невада штаты, АҚШ) барды.
1bol.kz мәліметінше, бұл кездесу UFC 310 турниріндегі басты айқасқа теңестірілген. 8 желтоқсан күні өтетін жекпе-жек бес раундқа есептелген.
«Шавкат Рахмонов командасымен бірге Лас-Вегасқа жетті», - делінген Рахмоновтың командасы DarTeam парақшасындағы жазбада.
Бастапқыда Шавкат жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) төбелесуі керек еді. Алайда американдық аяғына операция жасатып, кездесу өтпейтін болды.