Әмір Омарханов теннистен өткен Мексика турнирінің жартылай финалына шықты
Әмір Омарханов енді финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен бәсекеге түседі
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Мерида (Мексика) қаласында өткен бірінші санатты ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына шықты.
Отандасымыз ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаертпен кездесіп, Омарханов 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Әмір Омарханов енді финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен бәсекеге түседі.