Жаңалықтар

Астанада ескі стадионды қайта салуға 15 млрд теңге бөлінеді

КазТАГ/Айнаш Сейтмуратова

24 қыркүйек күні Индустрия және құрылыс министрлігі «Мемсараптама» РМК Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысының жобалық құжаттамасын қарау нәтижесінде оң қорытынды шығарғанын хабарлады

Астана қаласының оң жағалауындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысына 15 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады, деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тапсырыс беруші – «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ; сипаттамасы – Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 14"; Жоспарланған сома 15 228 082 539,89 теңгені құрайды», - делінген мемлекеттік сатып алу сайтындағы лоттың сипаттамасында.

24 қыркүйек күні Индустрия және құрылыс министрлігі «Мемсараптама» РМК Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысының жобалық құжаттамасын қарау нәтижесінде оң қорытынды шығарғанын хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу сайтында өтінімдерді қабылдау 22 қазанда басталып, 6 қарашада аяқталды, тендерді «BiGlobal» ЖШС жеңіп алды. Нысанның құрылыс алаңы 15 мың шаршы метрден асады. Стадион 3600 адамға арналған үш қабат болмақа. Нысан құрылысы 16 айда аяқталады деп жоспарланған.

Негізі бұған дейін аталған стадионның қараша айында бұзылатыны белгілі болған. Қазіргі таңда ғимарат құлағалы тұр.

2020 жылдан кейін ол тіпті қауіпті деп танылды. Стадион ғимаратының терезелері шағылған, ішіне қоқыс көбейіп кеткен. Ал жергілікті тұрғындар стадион аумағына жысырын кіріп-шығып жүр.