Елбасы мен Астананың туған күніне Рианна келеді

Елбасы мен Астананың туған күніне Рианна келеді

Елбасы мен Астананың туған күніне  Рианна келеді
ашық дереккөзі
6 шілде күні қатар келетін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Астананың туған күні биыл да дүркіреп тойланбақ. Атаулы күнге орай «Астана арена» стадионында әлемге танымал әнші Рианнаның концерті өтеді. Бұл туралы expo2017culture.kz сайтына сілтеме жасап sn.kz хабарлады. 
Ұйымдастырушылар бағдарламаға өзгерістер енгізілуі де мүмкін екенін ескертіп отыр. Өйткені, бұған дейінгі туған күндерде Астанаға келуі тиіс әлемдік жұлдыздар түрлі себептермен концерт бере алмаған болатын. Мәселен, британдық әнші Sting Жаңаөзендегі мұнайшылар митингісін желеу етіп келмесе, француздық Imany (Надя Младжао) денсаулығына байланысты концерт беруден бас тартқан еді.