Жаңалықтар

Кек алу үшін тергеушіге шабуыл жасаған үш адам сотталды

istockphoto.com

Сот үкімімен билік өкіліне күш қолданғаны үшін үш адам абақтыға жабылды.

Құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар сол үшін тергеушіден кек алмақ болып, шабуыл жасаған. Тергеуші тұратын үйге барып, подъезде тергеушіні соққыға жыққан.

Сотта күдіктілердің кінәсі толықтай дәлелденді.

Сот үкімімен шабуылды ұйымдастырған адам 5 жылға, қалған екекеуі 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

 Үкім заңды күшіне енді.