Жаңалықтар

Қызылордада қоғамдық ұйым мүшесіне 55 млн теңге жымқырды деген айып тағылды

Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі https://kaz.inform.kz/news/damu-bala-81-kaspkerden-55-mln-tengeden-astam-karazhat-algan-adamga-katisti-tergeu-bastaldi-026a04/

Қызылордада бірнеше қоғамдық ұйым мүшесі болған күдікті әйел алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Ол «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деп күдіктелуде. Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды. Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», – делінген жазбада.