Жаңалықтар

«Үздік жас отбасы-2024» байқауының жеңімпазы анықталды

Елордада қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-2024» сайысы өтті.

Іс-шарада сөз сөйлеген Астана қа­ла­сы әкімдігі жанындағы Әйелдер іс­тері және отбасылық-демографиялық сая­сат жө­ніндегі комиссия төра­ға­сы­ның орын­басары Назгүл Мақжанова Отан­ның тұ­тас­тығын сақтау әр отба­сы­ның тату­лы­ғымен тығыз байла­ныс­ты екенін атап өтті. «Отбасы – кез келген мемлекеттің ті­регі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Туған ел­ге, жерге деген сүйіспеншілік те, пат­риот­тық сезім де отбасынан бастау ала­­ды. Бүгінгі байқау да қажырлы ең­бек, өнегелі тәр­бие, ізгі дәстүрлер са­бақ­тастығын лайық­ты жалғастырып келе жатқан от­басыларды үлгі етуді көз­дейді. Бұл бай­қауға қатысушы­лар­дың барлығы – түр­лі салада жетістікке же­тіп, әулет абыройын асырып, құр­мет­ке бөленгендер. Олар қашан да қо­ғамның айнасы бола алады деп се­не­міз», – деді Назгүл Сейітқожа­қызы. Айта кетерлігі, байқауға қатысу үшін 60-тан астам отбасы өтінім бер­ген. От­ба­сы­лық жұптарға арналған зият­кер­лік турнирден іріктеліп шық­қан 10 отбасы ақ­тық кезеңге жолдама алып, «Үздік жас отбасы» шығарма­шы­лық байқауында бағын сынады. Байқауға Әйелдер істері және отба­сы­­лық-демографиялық саясат жөнін­дегі ко­миссия төрағасының орынба­са­ры Наз­гүл Мақжанова, «Жайна Астана» қо­ғам­дық бірлестігінің төрағасы Мұх­­тар Ер­кетаев, «Үздік жас отба­сы-2023» бай­қауы­ның жеңімпазы Гау­хар Сәдуа­қасова және жастар ұйым­дары­ның жетекшілері қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен Кө­ше­новтер отбасы жеңімпаз болып та­ны­лып, 700 мың теңгенің серти­фика­ты мен бас жүлдеге ие болды. Ал екін­ші орын алған Ендібаевтар отбасы 450 мың тең­ге, үшінші орындағы Сәме­товтер отбасы 350 мың теңгені қанжы­ға­сына бай­лады. Өзге қатысушылардың әр­қай­сысына 100 мың теңгеден ақша­лай сый­лық пен алғысхат табысталды.