Жаңалықтар

Египет соты 203 босқынның өліміне себепкер болған 56 адамға үкім кесті

ашық дереккөзі

Египет соты 203 босқынның өліміне себепкер болған 56 адамға үкім кесті

Египеттің Эль-Бухейра провинциясындағы сот 203 мигранттың өліміне себепкер болған 56 адамға үкім шығарды деп хабарлайды 24.kz. Айыпталуышлар 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Барлығы заңсыз адам тасымалдаумен айналысқан. Естеріңізде болса, қайғылы оқиға 2016 жылдың қыркүйегінде Жерорта теңізінде болды. Мәліметтерге қарағанда, айыпталушылар босқындарды Италия жағалауына жеткізу үшін ақы алып, қайыққа шамадан тыс адам мінгізген. Сөйтіп Египеттің Рашид қаласының жағалауына жақын тұста суға батқан. Құтқарушылар 170-ке жуық адамды жағалауға шығарып үлгерді. Ал 200-ден астамы қаза тапты. Осы оқиғадан кейін Египет парламенті елде заңсыз адам тасымалдаумен айналысқандарды түрмеге қамап, айыппұл салу жөнінде заң қабылдады.