Жаңалықтар

Астанада экс-полицей 21 жастағы қызды зорлаған

istockphoto.com

Астана қаласының полиция департаменті бұл фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Теріс себептермен жұмыстан қуылған Ақмола облысының экс-полицейі 2003 жылғы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Диас есімді полиция қызметкері Астанада 2003 жылғы қызды зорлағаны туралы ақпарат тараған. Полицияға жәбірленушінің өзі арызданыпты. Оқиға жалға алынған пәтерде болған. Күдікті Ақмола облысы полициясының қызметкері екені жазылған болатын.

Астана қаласының полиция департаменті бұл фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Тергеу жүріп жатыр. Күдікті – полицияның бұрынғы қызметкері, қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен қуылған»,- делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.