Жаңалықтар

Атырауда тағы бір адамнан сібір жарасы анықталды

istockphoto.com

Базарда жұмыс жасаған қызметкерлердің барлығы 14 күн медициналық бақылауға алынған.

«Асыл агро» мал базарында малшы болып жұмыс жасаған тағы бір адам сібір жарасын жұқтырған. Науқас қазір ауруханада жатыр.

«Науқас өз бетімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қолдарында жаралар бар екені анықталды. Қазір аурудың терілік түрін жұқтырған екі науқас та ауруханада стационарлық ем алуда» дейді облыстық Санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.

Базарда жұмыс жасаған қызметкерлердің барлығы 14 күн медициналық бақылауға алынған.