Жаңалықтар

Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті мас халде жүргізген

istockphoto.com

Оны қызметінен босату ұсынылды

Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас халде ұсталды, деп хабарлайды KazTAG.

Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды, - деді әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Іскендіров.

Айта кетсек, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.