Жаңалықтар

«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші Алматыда концерт қоймақшы

фото: әлеуметтік желіден

Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде «Серебро» тобының солисі болған ресейлік әнші Ольга Серябкинаның қазақ халқына қарата айтқан жағымсыз сөзі тарап жатыр. Ол өзі қатысқан бағдарламаның бірінде «қазақтарға түкірдім» деген сөз айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚАЗАҚТАРҒА ТҮКІРДІМ»

...Жоқ, мен басқасын қалаймын. Қазақстан? Қазақтарға түкірдім, – дейді ол.

Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Айта кетейік, 29 қарашада Алматыдагі түнгі клубтардың бірінде әншінің концерті өтпекші. Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл концертке бармау керек екенін жазып жатыр. Сондай-ақ оны Қазақстанға кіргізбеуді талап етуде.