Іле-Алатау паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды
Сондай-ақ кадрға жабайы қабан да іліккен.
Аталған паркте сібір тауешкісі және жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалған, деп жазады turkystan.kz.
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің жабайы жануарлар жиі жүретін жерлерге орнатқан камералар арқылы сирек мезеттерді түсірген бұндай фотолары – жануарлардың мінез-құлқы мен табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат бере отырып, келешекте зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет болмақ.
«Аталған парк жабайы табиғатты сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады», деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.