Мемлекет басшысы албаниялықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.