Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

Сурет: Ақорда

Ресей Президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салынған картина сыйға тартылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады. Әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Сондай-ақ суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей Президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салған картинасын сыйға тартты.

Полотнода екі елдің достығы бейнеленген.