Жаңалықтар

Павлодарлық келіншек өз қызын кафеде сабаған

pixabay.com

Полициялар оның кім екенін анықтады.

Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шәкенова Павлодар кафелерінің бірінде жас қызды анасының ұрып тастағанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Балалар омбудсменіне оқиға туралы куәгерлер хабар берген. Сәуле Шәкенова полицияға жүгінген.

Құқық қорғаушылар күдікті келіншекті видеобақылау камералары арқылы тапты.

«Аталған факт тіркелді. Полиция видеожазбаларды зерттеді. Әйелдің кім екені анықталды. Енді мұндай жағдайға жол бермес үшін келіншекпен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ювеналды полиция бұл отбасыны бақылауға алды», - деді Полиция департаменті.

Келіншекке қатысты іс материалдары қала әкімдігінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың істері жөніндегі комиссияға беріледі.