«1,5 млрд теңге сұраған»: Бишімбаевтан моральдық шығын өндіру ісі қайта қаралды
Нүкеновтер отбасы апелляцияға жүгінген.
Бұған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың отбасы сот арқылы Қуандық Бишімбаевтан қылмыстық іс барысындағы шығындар үшін 6 877 672 теңге және моральдық шығын үшін 10 млн теңге өндірген болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірақ олар соттың бұл шешіміне келіспей, Қуандық Бишімбаевтан 1 млрд 500 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіру туралы апелляциялық арыз берген.
Бірақ Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Жәбірленуші тараптың арызы қанағаттандырылған жоқ.