Жаңалықтар

Қарағандыда сотталған адамды азаптаған қызметкерге үкім шықты

istockphoto.com

Режим жөніндегі бөлімнің қызметкері адам азаптағаны үшін сотталды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды. 

Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды.

Сотталған«әділет майоры» арнайы шенінен айырылды және одан жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі.

Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.