БҚО-да субсидияға бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған
Қазір мемлекетке 14,7 миллион теңге қайтарылды.
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы субсидия беру кезінде 20 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалғанын анықтады.
Мәселен, 25.12.2021ж. шаруа қожалығы 442 асыл тұқымды қой сатып алуға өтініш беріп, жалпы сомасы 6 630 000 теңге көлемінде субсидия алған. Бір жылдың ішінде ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан көрсетілген мал есептен шығарылғаны анықталды.
Ал 15.03.2019ж. Ауыл шаруашылығы министрінің Бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Ережеге сәйкес мал басының жыл бойы сақталуы (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз етілуі міндеттелген.
Осының салдарынан мемлекетке 6 630 000 теңге көлеміндегі материалдық шығын келтірілді.
Заңды бұзу фактілері бойынша құзыретті органға тиісті қадағалау актісі енгізілді.
Қазіргі уақытта прокуратураның ұсынуы бойынша мемлекетке 14,7 миллион теңге қайтарылды, қалған соманы өндіру атқарушылық іс жүргізу тәртібінде жүргізілуде.