Алматы облысында 7 жастағы баланы автобус қағып кетті (ВИДЕО)
Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті.
Оқиға салдарынан 7 жасар бала қайтыс болды. Бұл деректі Алматы облысының Полиция департаменті растады.
– 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрақ аумағында артқа жүрген кезде 7 жасар баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.