«Ұзақ әңгімелесетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм Шөмішбай Сариев туралы естелігін жазды
Жақында «Қазақстан» концерт залында марқұмның шығармашылық еске алу кеші өткен болатын.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм сазгер Шөмішбай Сариевті есіне алды.
Жақында «Қазақстан» концерт залында марқұмның шығармашылық еске алу кеші өткен болатын.
«Дүниені жалт қаратқан еді… Шөмішбай Нағашыбайұлын бала күнімде жиі көретінмін. Әкеммен ұзақ әңгімелесетін. Кейде дауыстары дарылдап қатты шығып кететін, кейде тістері жарқырап күлетін. Есімде қалғаны екеуі амандасқанда, сосын қоштасқанда ұзақ тұрып құшақтасатын. Тау тұлғаның ұлылылығын бала болып түсіне алмадым ба, әлде тым кішкентай болдым ба білмеймін. Өткен апта Жұмагүл апам анашым екеумізге шақырту жіберіпті. Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған "Сағынышты Сарыарқа" атты концертке бардық. Бір үзік сіздерге де ұсынайын», – деп жазды өнер иесі.