Генаның бапкері оның жеңісіне күмән келтіргендерге жауап берді

Генаның бапкері оның жеңісіне күмән келтіргендерге жауап берді

Генаның бапкері оның жеңісіне күмән келтіргендерге жауап берді
ашық дереккөзі
Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес GGG-дің Дэниэл Джейкобсты жеңгеніне күмән келтіретін интернет-қолданушыларға пікірін білдірді. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «Өткен сенбіде үш төреші Головкиннің пайдасына шешім шығарды, сондықтан өзгелердің айтып жатқаны мені толғандырмайды. Бұл маңызды емес, себебі судьялардың үкімін өзгертпейді. Тарихқа басқалардың не айтқаны емес, айқастың қалай өткені енеді. Әлеуметтік желілерде өз пікірлері маңызды деп ойлайтын «дивандық бапкерлер» мен «клавиатуралық судьялар» өте көп.  Төрешілер айқастың нәтижесін есептеді, сол ғана маңызды», - деп келтірді Санчестің сөзін Boxingscene.com Айта кетейік, Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурыз күні өтіп, судьялар бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.