Жаңалықтар

Абай облысында есірткі заттарын сататын 64 сайт бұғатталды

istockphoto.com

Абай облысының прокурорлары есірткімен күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыс прокуратурасынан бөлек бұл іске полиция қызметкерлері, әкімдік пен еріктілер жұмылдырылған, мобильді топ құрылған, turkustan.kz.

Бүгінгі таңда есірткі, психотроптық заттар менпрекурсорларды насихаттау бойынша ҚК 299-1-бабымен сотқа дейінгі 6 тергеп-тексеру басталды.

 Сонымен қатар, облыс прокуратурасының қызметкерлері бір айдан аз уақыт ішінде облыста есірткі және психотроптық заттарды сату үшін пайдаланған 64 сайт пен «Telegram»-арналарын бұғаттады.

 Абай облысының прокуратурасы тыйым салынған заттардың жарнамасын анықтаған жағдайда 102 арнасына хабарласу керектігін еске салады.