T-LIFE

"Жылына 1,6 млн доллар ақша кетеді" – 1 100 мысықпен бірге тұратын әйел

сурет: Ruaridh Connellan / Barcroft USA

АҚШ-тың Калифорния штатында тұратын Линея Латтанцио 28 000 мысықты құтқарып, рекорд орнатқан.

1992 жылы Линея Латтанцио әкесіне жаңа мысық табуға көмектесу үшін шығып, үйге бірден 15 мысық әкелген. Содан бері ол мыңдаған мысықтарға қамқорлық жасап келеді.

67 жастағы Линея Латтанцио Калифорниядағы Cat House On The Kings атты 12 акрлық жерге орналасқан мысықтарды қорғау орталығының негізін қалаған. Бүгінде орталықта 800 ересек мысық пен 300 марғау бар.

«Мен 28 000 мысыққа баспана беріп, олармен өмір сүрдім. Бұл рекорд болуы мүмкін», – дейді Линея. Мысықтарды асырау жылына шамамен 1,6 миллион долларды талап етеді. Қаражат тамақтану, ветеринариялық көмек, қызметкерлердің еңбекақысы мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалады.

Линея бұл іске өз зейнетақысын, көлігін және тіпті неке жүзігін сатуға дейін барған. Мысықтарға жайлы жағдай жасау үшін ол бес бөлмелі үйін жануарларға қалдырып, өзі шағын үйде тұрады.